Алматыда сайлау кезінде жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды
<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Алматы қаласы Мәслихатының сайлауы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сайлаудың өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды.
Баспасөз орталығы жұмысының қағидаттары - Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама.
Бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырады.
Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және info@rsk.almaty. kz. электрондық мекен-жайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады.
Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған. Баспасөз орталығы заманауи техникамен және компьютерлермен, интернетке шығу және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орындарымен жабдықталған.
Бейнеконференциялық байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік бар.
Жалпықалалық баспсөз орталығы «Қазақстан» қонақ-үйінде, «Алтын Емел» залы, 1 қабатта орналасқан. сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.