Тізім бойынша қанша бюллетень таратылды?
<p style="text-align: justify;">Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 11,6% алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> </p>
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 10,2 %
Ақтөбе облысы бойынша – 9,9 %
Алматы облысы бойынша – 11,3 %
Атырау облысы бойынша – 10,3 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,7 %
Жамбыл облысы бойынша – 12,8 %
Қарағанды облысы бойынша – 10,4 %
Қостанай облысы бойынша – 11,2 %
Қызылорда облысы бойынша – 10,3 %
Маңғыстау облысы бойынша – 8,7 %
Павлодар облысы бойынша – 14,0 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,9 %
Түркістан облысы бойынша – 13,3 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 12,1 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,8 %
Алматы қаласы бойынша – 9,7 %
Шымкент қаласы бойынша – 14,4 %
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы одан кейінгі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.