Парламент
1 мин оқу 160

Мәжіліс Төрағасы өз таңдауын жасады

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин елордағы #111сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісінің депутаттарына дауыс берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Мәжіліс Төрағасы өз таңдауын жасады

Бұл сайлау учаскесі Ұлттық Академиялық кітапхананың ғимаратында орналасқан.

– Парламенттің алтыншы шақырылымы кезінде ауыз толтырып айтуға болатын ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтиже жақсы болды. Көптеген заңдар қабылданды. Партиямыздың Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерілген бастамалар мен тапсырмалардың барлығы жан-жақты орындалды. Ал енді жетінші шақырылымның депутаттары осы жұмыстарды жалғастырып, болашақта елімізге қажет заңдарды қабылдайды деп сенім білдіремін. Осы сайлау учаскесіне кіре берісте байқаушылармен кездестім.

1

Олар сайлау учаскелерінің таңертең ерте ашылғанын, сайлаушылар жоғары белсенділік танытып, жақсы көңіл күймен көптеп келіп жатқанын жеткізді. Сондықтан, сайлау жұмысы әділ әрі ашық өтеді деп сенемін, – дейді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы 3690 дауыс беруші осы учаскеде тіркеліпті.

Бөлісу:
Мәжіліс Төрағасы өз таңдауын жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар