Аймақтар
1 мин оқу 142
Қызылордалық сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Сыр өңірі тұрғындары белсенді қатысып жатыр, <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазірге дейін 141983 адам дауыс беріп, сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
Жалпы, облыста сайлаушылардың саны - 492198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен. Сайлау комиссиясының төрағасы аймақтағы 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсететінін айтып өтті.
Бөлісу: