Аймақтар
1 мин оқу 111

Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады

<p style="text-align: justify;">Жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады

Ольга Рыпакова Өскемендегі нөмір 47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесіне келіп дауысын берді.

Спортшы кәмелеттік жасқа толғаннан бері бірде-бір сайлаудан қалмаған. Қайда жүрсе де, өз таңдауын жасап отырған.

– Сіздің дауысыңыз маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өзім дауыс бердім. Елдің өркендеуі үшін көптеген шаралар, бағдарламалар атқарылып жатыр. Ал сайлаудан кейін ел дамуы жолындағы игі істер еселене беретіні анық, – деді чемпион.

Бөлісу:
Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар