Аймақтар
1 мин оқу 664

Атырауда дауыс берушіге шұбат пен бауырсақ ұсынады

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласындағы &laquo;Сенім&raquo; элитарлық мектеп-балабақша кешенінде №7 сайлау учаскесі орналасқан. Учаскелік комиссия төрағасы Айнагүл Ахметованың ақпаратына қарағанда, мұнда 2 691 сайлаушы тіркеліпті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда дауыс берушіге шұбат пен бауырсақ ұсынады

«Біздің сайлау учаскесінде тіркелген ең қарт сайлаушы Надимулла Ғабдуриннің жасы – 92-де.  Жасының егделігіне байланысты бұл сайлаушының дауыс беруі үшін сайлау жәшігі үйіне жіберілді. Ал таңғы сағат 7.00-де 62 жастағы Кенжебай Дүйсенғалиев алғашқы болып таңдауын жасады. Оған арнайы сыйлық берілді. Сондай-ақ мұндай мүмкіндікке 18 жасқа толып, ең алғаш дауыс берушілер де ие болды» дейді Айнагүл Мақсотқызы.

Аталған сайлау учаскесінде 9  байқаушы дауыс беру барысын бақылап отыр. Оның бірі –халықаралық байқаушы. Учаскеде санитарлық талаптар сақталған. Бір ерекшелігі, мұнда дауыс беруге келген сайлаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынады.

Бөлісу:
Атырауда дауыс берушіге шұбат пен бауырсақ ұсынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар