Аймақтар
1 мин оқу 260

Ел бойынша дауыс беруден алғашқы орында тұрған облыс аталды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық сайлаушының 75,5 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгін өңірде 650 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Таңғы сағат 7.00-ден бастап 4 мыңға жуық байқаушы бақылады. Облыстан Парламент Мәжілісі депутаттығына 5 партиядан 312 кандидат тіркелді. Олардың 222-сі ер адам болса, 90-ы әйел. Үміткерлердің ең жасы 25-те, ең үлкені – 70-те.

«СҚО-да 399 370 сайлаушы бар. Петропавл қалалық және аудандық сайлау комиссияларының есебі бойынша олардың 301 629-ы бүгін конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді. Ол барлық сайлаушының 75,5 %-ы», деді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов

Бөлісу:
Ел бойынша дауыс беруден алғашқы орында тұрған облыс аталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар