Ауыр атлетика
1 мин оқу 193
Толағайлар Ташкентте бас қосады
<p style="text-align: justify;">Халықаралық ауыр атлетика федерациясы биылғы Азия чемпионатының өтетін жері мен мерзімін жариялады.</p>

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлемді шарпыған індетке байланысты кейінге қалдырылған сарықұрлықтың басты турнирі биылғы ақпанда өтуі тиіс болатын. Алайда бірқатар талқылаудан кейін турнир 15-24 сәуір аралығына Өзбекстан астанасы – Ташкентте өтетін болып белгіленді.
Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары алдағы бәсекеге Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» базасында дайындалып жатыр. Оқу-жаттығу жиыны 24 қаңтарда аяқталады. Азия чемпионаты Токиодағы Олимпия ойындарына іріктеу кезеңі саналады. Әзірге зілтеміршілердің қоржынында бірде-бір лицензия жоқ.
Бөлісу: