Сайлау
1 мин оқу 115

Тайғаққа қарамастан таңдау жасады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы Батыс Қазақстан облысында да ұйымшылдықпен өтті.</p>

Тайғаққа қарамастан таңдау жасады

Өңірдегі барлық сайлау учаскесі санитарлық талапқа сай жабдықталған. Сайлау учас­кесіне келген тұрғындарға тегін медициналық маска бе­рілді. Орал қаласында қоғамдық кө­ліктер тегін жүрді.

Бұл сайлауда Батыс Қазақ­стан облысында 451 мыңдай адам дауыс бере алады. Об­лыс аумағында 505 сайлау учаскесі болса, соның 110-ы – Орал қала­сында, 80-і аудандарда ор­наласқан. Өңірден Мәжіліс және мәслихат де­путаттығына 450 үміт­кер тір­келген.

Екі күн бұрын Батыс Қазақ­стан облысы аумағында боран соғып, көп жерде қар аралас жаңбыр жауып кетті. Содан да кеше көшеде көктайғақ бо­лып, жаяу жүргіншілердің жү­ріп-тұруы қиындап кетті. Жергілікті билік орындары жол­дарды тазалау, құм себу жұмысын жедел жүргізді.

Қорыта айтқанда, батыс­қазақстандықтар сайлауға бел­сенді түрде қатысты.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Тайғаққа қарамастан таңдау жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар