Сайлау
1 мин оқу 143

Партия төрағалары дауыс беруге қатысты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ақ жол&raquo; демократиялық пар&shy;тия&shy;сының төрағасы Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Парла&shy;менті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында Нұр-Сұлтандағы №122 сайлау учас&shy;кесінде дауыс берді.</p>

«Сайлау алдындағы үгіт-на­сихат жұмыстары кезінде бар­лығы не істей алатындығын мүм­кіндігінше көрсетті. Бұл сайлау әділ және ашық өтеді деп сене­мін. Дауыстар әділ саналады деп сенемін. Бірақ мәселе тек үміт күтуде емес, сонымен бірге біз­дің сайлауға қатысуымызға да байланысты. Процестің тіке­лей қатысушысы ретінде біз сайлау­ды қалаған жолмен өткі­зуге күш салып, өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Әрине біз өз пар­тия­мызға берілген барлық дауыс­тарды қорғауға мүдделіміз. «Ақ  жол» партиясының Мәжіліске өте­тініне күмәнданбаймын. Со­ны­мен қатар бұл мәселеге халық, яғни сайлаушылар өз нүкте­сін қояды», деді «Ақ жол» партия­сы­ның төрағасы Азат Перуашев.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Парламент Мә­жі­­лісі депутаттығына 38, ал бар­­лық өңірдегі мәслихаттар депутаттығына 703 адам үміткер ретінде тіркелді.

Бөлісу:
Партия төрағалары дауыс беруге қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар