Спорт
1 мин оқу 2,322
Сметов сүрінді, Қырғызбаевтың қарқыны жақсы
<p style="text-align: justify;">Бүгін Катардың астанасы – Доха қаласында дзюдодан Мастерс турнирі басталды. Алғашқы болып боз кілемге <span class="s5"><span class="bumpedFont15">жеңіл салмақтағы балуандар шықты.</span></span></p>

60 кило салмақта қос қандасымыз күш сынасуда. Өкінішке қарай, Елдос Сметов тұсаукесер кездесуінде сүрінді. Ол беларуссиялық Янислав Герчевке жол берді. Ғұсман Қырғызбаев жарысты сәтті бастады. Бастапқы бәсекесінде қазақ дзюдошысы түркиялық Михраж Аққұстан айласын асырды. Енді Ғұсман ресейлік Альберт Оғызовпен айқасады.
Бөлісу: