Әлем
1 мин оқу 174

Путин, Алиев және Пашинян Қарабақ бойынша Мәскеуде келіссөз жүргізуде

<p style="text-align: justify;">Кремльде Ресей мен Әзірбайжан президенттері Владимир Путин мен Ильхам Алиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қатысуымен үшжақты кездесу басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бетпе-бет кездесу жайлы бастаманы Ресей мемлекетінің басшысы көтерген болатын.

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар үш ел басшыларының Таулы Қарабақ туралы 2020 жылғы 9 қарашадағы мәлімдемесінің орындалу барысын қарастырып, аймақтағы мәселелерді шешу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Саясаткерлер әскери қимылдардан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына көмек көрсету мәселелеріне, сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік байланыстарын ашу мен дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Путин, Алиев және Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарды толық тоқтату туралы 2020 жылдың 9 қарашасында бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.

Бөлісу:
Путин, Алиев және Пашинян Қарабақ бойынша Мәскеуде келіссөз жүргізуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар