Экономика
1 мин оқу 1,400

Доллар қымбаттап жатыр

<p style="text-align: justify;">Доллар бағасы айтарлықтай қымбаттап жатыр. Ұлттық банк 12 қаңтардағы доллар&nbsp; ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Доллардың ресми бағамы сейсенбіде 419,13 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 9-11 қаңтарда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 418,96 болған. 

KASE биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 419,18 теңгеге жетіп, бір күнде 0,20 теңгеге қымбаттап кеткен.

Ал Kurs.kz деректері бойынша қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық доллар орташа есеппен 421,00 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы – 419,51 теңге.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 420,67 теңгеден сатылып, 419,52 теңгеге сатып алынып жатыр. 

Бөлісу:
Доллар қымбаттап жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар