Аймақтар
1 мин оқу 243

Алматыда сайлау учаскелеріне миилион бетперде бөлінді

<p style="text-align: justify;">Тағы бір миллионы мегаполис мектептеріне таратылды. Өткен сайлауда дауыс беру үдерісіне қатысушылардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен сайлау учаскелеріне 1 миллион жеке қорғаныс құралы (бір реттік бірреттік бетперде) бөлінді.</p>

Алматыда сайлау учаскелеріне миилион бетперде бөлінді

Бір реттік маскалармен сайлау учаскелерінде кезекшілік еткен медициналық қызметкерлер, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, кандидаттардың сенімді тұлғалары, сондай-ақ өздерінде жеке қорғаныс құралдары жоқ сайлаушылар қамтамасыз етілді.

Пайдаланылмаған бетперделер Алматыдағы медициналық мекемелерге тапсырылды. Бұдан өзге, Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету үшін мектептерге тағы 1 миллион бетпердені таратты.

Бетперделер тәркіленген қоймадан алынды. Бұрын хабарланғанындай, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандардан бірнеше миллион бірреттік бетперделер тәркіленген болатын.

Бөлісу:
Алматыда сайлау учаскелеріне миилион бетперде бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар