Аймақтар
1 мин оқу 592

Табасаран қызы Тобыл аруы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан халқы Ассамблеясы келтірген дерекке сенсек, елімізде 300-ге жуық табасаран ұлтының өкілі бар екен. Дағыстанда тұратын&nbsp; байырғы 30 ұлттың бірі саналатын табасарандар қазақ топырағына өт&shy;кен ғасырдың 90-жылдарынан бастап келе бастапты. Оған ТМД елдерінде жаңа&shy;ша жанданған нарықтық қатынастың нәти&shy;жесінде, басталған көші-қон қозғалысы себеп болса керек. Табасарандар да ағайын ара&shy;сы жеті атадан асқанша, қыз алып, қыз беріс&shy;пейді.&nbsp;</p>

Табасаран қызы Тобыл аруы атанды

Облыстық Ассамблея жетінші жыл қа­тарынан өткізіп келе жатқан «Мисс Этно-Қостанай» байқауының 2020 жылғы жеңімпазы атанған Қызылгюль Раджабова – ­осы табасаран ұлтының өкілі. Қызылгюль фар­­мацевтикалық компанияда жұмыс істей­ді.

– Ең алдымен, осы байқауды ұйымдас­тырып, бізге көпшілік алдында өз ұлты­мыздың салт-дәстүрі мен ұлттық өнері, ас-тағамы, тарихы мен әдет-ғұрпы туралы әңгімелеп, кішкентай болса да бойы­мыздағы өнер ұшқынын сын таразысына салуға мүмкіндік жасап отырған облыстық Ассамблеяға алғыс білдіремін. Осы байқау арқылы мен өз ұлтым – табасарандар туралы елге біраз мағлұмат бердім деп ойлаймын. Маған дауыс берген баршаға ризашылығым шексіз. Осы сәтті пайдалана отырып, Дағыстанға таудай сәлем жолдаймын! – деді Қызылгюль.     

Онлайн түрде өткен байқауға облыстағы әрбір этномәдени бірлестіктің атынан 14 үмітк­ер қатысты. Көркіне ақылы сай бой­жет­кендер өздері әзірлеген ұлттық тағам түрлері мен қолөнер туындыларын көпші­лік таразысына салды. 

Үміткерлерге дауыс беру нәтижесі бо­йын­ша, грузин қызы Диана Баланчивадзе ІІ вице-мисс атанды. Бастауыш сынып мұға­лімі болып жұмыс істейтін Диана әзір­леген хинкали, хачапури сияқты таулық­тардың ұлттық асы әлеуметтік желідегі көп­шіліктің көңілінен шықты.

Көпшілік даусымен әлі мектеп қабырға­сында оқитын әзербайжан қызы Эльвина Раги­мо­ва ІІІ вице-мисс атағына лайық деп танылды.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Табасаран қызы Тобыл аруы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар