Саясат
1 мин оқу 331

Халық таңдауы қашанда күмәнсіз

<p style="text-align: justify;">Экзит-пол нәтижесі бойынша Мәжіліс сайлауында 9,03 пайыз дауыс жинаған Қазақстан&shy;ның Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров өз әріптестерін және сайлау&shy;шыларды құттықтады.</p>

Халық таңдауы қашанда күмәнсіз

Ол Қазақстан Республикасы Пар­ла­мент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының алдын ала жарияланған нә­тижесіне көңілі толатынын білдіріп, сай­лауда жеткілікті дауыс жинаған жә­не қатысқан өзге партияларға сәттілік ті­леді.

«Сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде депутаттықтан үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиын­шылық пен кедергі болған жоқ. Экзит-пол нә­тижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сай­лау­алды жұмыстарға қатыс­қан әріптестеріме және сайлаушыларға риза­шы­лығымды білдіреміз», деді Қазақстан Ха­лық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров.

Бөлісу:
Халық таңдауы қашанда күмәнсіз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар