Сайлау
1 мин оқу 450

Халықаралық стандарттарға сәйкес

<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Хатшысының орынбасары, сайлау байқаушылары делегациясының басшысы Омер Кожаман баяндады.</p>

Халықаралық стандарттарға сәйкес

«Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы ұлттық заңнамаға және халықаралық нормаларға сәйкес өткізілді. Сайлау нәтижесі Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуына үлес қосады деген сенімдеміз. Біз осы сайлау­да байқаушы қызметін атқарып, өз миссиямызды орындадық. Сон­дай-ақ бұл құрамда Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғыз елінің өкіл­дері де бар. Бақылаушылық міндет Қазақ­станның заңнамасына және халық­аралық стандарттарға сай жүр­гізілді және аккредиттеу кам­паниясы барысында саяси пар­тиялардың өкілдерімен кездестік», деді О.Кожаман. Қазақстанда  сай­лау бойынша жұмыстар 253 аумақ­тық және 10 063 учаскелік сайлау комиссиясында өткізіліп, 300-дей үміт­кер мен 12 млн сайлаушы тір­келген.

Халықаралық байқаушының айтуынша, заңнамаға сәйкес, сай­лау­дың жалпылама объективті өтуіне бақылау жүргізіліпті. Сонымен бірге COVID-19 пандемиясы жағ­дайы ескеріле отырып, сайлау учас­ке­лерінде санитарлық талаптар қатаң сақталған. «Миссия басқа да ха­лықаралық байқаушылармен ынты­мақтаса отырып, сайлауды қада­ғалады. Халықтың барлық жас­тағы тұрғындары сайлауға қатыс­ты, бірқатар сайлау учаске­лерінде ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған пандустар бол­ған жоқ. Біздің ойы­мызша, ол сайлау­шылардың қаты­суына, дауыс беруіне кедергі болады. Ал жалпы Қазақ­станның ұйым­дастырған сайлауы басқа елдер үшін үлкен тәжіри­бе болады деп ойлаймын. Түр­кітілдес мемлекеттер ын­тымақ­тас­тығы кеңесі Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы ашық транспарентті түр­де және ұлттық заңнама мен халық­аралық стандарттарға сәйкес жүр­гізілді деп есептейді», деп қоры­тындылады О.Кожаман.

Бөлісу:
Халықаралық стандарттарға сәйкес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар