Оқиға
1 мин оқу 453
Петропавлда үш автокөлік соғысқан жол апаты болды
<p style="text-align: justify;">Жол ережесін бұзып, бағдаршамның тиым салған жарығына жүріп кеткен Mersedes Benz 350S Nissan Primera автомобиліне соғылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ал ол қарсы бетте келіп қалған Toyota Rav 4 көлігін ұрған. Нәтижесінде оның 14 жасар жолаушысы жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
ЖКО бойынша Mersedes Benz-тің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты әкімшілік материалдар жиналуда.
Жаңа жыл басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында осындай алты ЖКО болып, оның зардабынан 7 адам жарақаттар алды. Барлығы 600-дей жол ережесін бұзу фактілері анықталды.
Бөлісу: