Аймақтар
1 мин оқу 2,573

Шымкент: Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. &laquo;Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің&raquo; директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.Спорт мектебі 1997 жылы ашылған.

Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.

Айта кетейік, Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). ОҚО, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.

Бөлісу:
Шымкент: Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар