47 жастағы әйелден коронавирустың 18 мутациясы табылды
<p style="text-align: justify;">Ресейдің жергілікті «Известия» басылымы ғалымдардың ғылыми болжамын жариялады. Зерттеу барысында олар науқастан SARS-CoV2 коронавирус инфекциясының 18 жаңа мутациясын анықтаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Ғалымдар вирустың төртінші сатыдағы өзгеру лимфасын 47 жастағы әйелден тапты. Азаматша өткен жылдың сәуір айында коронавирус жұқтырған. Содан кейін ол 9 қыркүйекте COVID-19 сынамасын тапсырып, нәтижесі оң болып шықты.
Дегенмен, зерттеушілер материалдарды салыстыра отырып, оның денесінде вирустың 18 жаңа мутацияға ие болғанын байқады. Мутацияның екеуі S-ақуыз генінен және қалғандары даниялық күзендерден табылған.
Осыған орай СФУ Геномика және биоинформатика кафедрасының және Геттинген университетінің профессоры Константин Крутовский аталған белгілер бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 мутациясының табылғанын алға тартады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа түр жұқпалы болғанымен, өлімге дейін апаратын жағдайлары тіркелмеген.