Ауа райы
1 мин оқу 1,025

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының солтүстік аудандарында көз байлайтын қарлы бұрқасын көтерілгендіктен бүгін сағат 11:30-дан бастап бірнеше бағыттағы күре жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды

«А-21 «Мамлютка-Қостанай» тас жолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Ұзынкөл кентіне дейін және «Екатеринбург-Алматы» М-36 тас жолы учаскесінде, Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін қозғалыс жабылды», деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Ауа райының құбылуына байланысты құтқарушылар облыс тұрғындарының алыс жолға шықпауын сұрайды.

Бөлісу:
Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар