Қоғам
1 мин оқу 326

Жақсылыққа жұмылған жастар

<p style="text-align: justify;">Сәл саябырсыған індеттің қайта бас көтеріп келе жат&shy;қ&shy;а&shy;&shy;ны байқалады. Осыған бай&shy;&shy;ланысты волонтерлер қатарында елге көмек көрсе&shy;тіп жүрген Сыр жастары жел&shy;тоқ&shy;сан айының басындағы ха&shy;лық&shy;&shy;ара&shy;лық ерік&shy;тілер күні&shy;не орай&shy;ластырып, облыс орта&shy;лы&shy;ғы тұрғындарына бетперде таратты.</p>

Жақсылыққа жұмылған жастар

«Қамқор» бағытында ұйым­дас­ты­рыл­ған бұл іс-шараға мектептердегі жастар үлкен үлес қосты. Сонымен қатар қалада атаулы күн аясында іс-шара ұйымдастырылып, волонтерлік қызметті дамытуға үлес қосқан 20-дан астам жас арнайы номинациямен мара­патталды.

Облыс орталығындағы ерік­ті­лер білім бағыты бойынша ұйым­дас­тырылатын шараларды да ұмыт қалдырған жоқ. Биыл мектеп бітіру­ші­лер үшін ҰБТ пәндері бойынша дайындық сабақтары өтті. Аудан жастары да түрлі бағытта бастама көтеріп, елдік іске ерекше үлес қосып келеді. Мысалы, Шиелі ауданы жастары төтенше жағдайлар, №13 өрт сөндіру бөлімі, №16 өрт сөндіру бе­кеті қызметкерлерімен бірігіп, тұр­ғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіп­сіз­дігі», «Көмірқышқыл газынан уланудан сақтану», «Сіріңке – балалар ойыншығы емес» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция аясында 6 040 үйді аралап, 8 723 үнпарақ таратты. Жалағаштықтар да жанашырлық танытатын шаралардан сырт қалған жоқ. Жыл басынан бері ауданда 65 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 1 325 адамға 28 млн 500 мың теңгенің көмегі көрсетілген. Жуырда әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, асыраушысынан айырылған қарттарға, тұрмысы төмен 120 отбасына 2 млн 305 мың теңгеге отын мен азық-түлік жеткізіліп берілді.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Жақсылыққа жұмылған жастар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар