Өнер
2 мин оқу 613

Суретшінің көңіл терезесі

<p style="text-align: justify;">Суретші айналасынан сезім қылын шертетін нәзік иірім іздейді. Тіршілікке арай сыйлаған әсем гүлдер оның кенебінде тіптен құлпыра түседі. &laquo;Раушан гүлі&raquo;, &laquo;Бақшадағы көктем&raquo;, &laquo;Қашқаргүл мен зәйтүн&raquo; секілді туындылар Светлана Какоткинаның ең таңдаулы жұмыстары. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде қылқалам шеберінің &laquo;Өмір иірімі&raquo; атты көрмесі ашылды.</p>

Суретшінің көңіл терезесі

Өнер жәрмеңкесіне суретшінің әр­түрлі мәнерде орындалған 34 графи­калық жұмысы қойылған. Жылдар бедерінде қатталған үлкен ізденісті көр­­сететін шығармашылық баян «Өмір иірімі» деп аталуы жайдан-жай емес. Автор үшін өмір ырғақтарын құрай­­тын кенептегі сызықтар – өзін толғандыратын күйлер мен эмоцияларды жазықтықта бейнелеудің негізгі тәсілі. Шығармалардың көркемдігін арттырып, композициясын ашып тұрған да сан тарау сызықтар әлемі.

Көрме жетекшісі Шолпан Нұғы­манованың айтуынша, графикалық техникасы әртүрлі болғанымен, Свет­лананың сүйікті материалдарының бірі – тушь, қаламұш. Оның туындылары сызықша, нүкте, дақ пен сызықтар негізінде кенепке түседі. Өнер иесі кескінделген бейнелерді өзінің пластикасымен жандандырады. Осылайша түрлі-түстермен толықтырылған тік, диагоналды сызықтар шығармаға жан бітіріп, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.

1

– «Алматы аспаны», «Аурухана терезесінен» секілді пейзаждық жұ­мыс­тар мен «Түймадақтар», «Рау­шан гүлі» деп аталған гүлдер ком­позициясының топтамасы алуан сезім­дер мен көңіл қо­балжуларының үйлесіміндегі та­биғаттың жарқын көрінісіне баса назар аударады. Сол арқылы пейзаж лирикасының тереңіне тартады, көрерменін иіріп әкетеді, – дейді Шолпан Нұғыманова.

1

Сөз басында айтып өткеніміздей, оның шығармалары нәзіктіктен нәр алған. Туындыларда көктем күнінің әуезді дыбыстары пайда болады, дала гүл­дерінің хош иісі сезіледі, құс­тар­дың үні естіледі. Мұ­­ның бәрі әлбет­те көрер­меннің қуаныш сезімін оятары анық. Ал Какоткинаның сю­­жет­тік суреттерінен өмір мен болмыс та­қы­рыбындағы философиялық тол­­ғаныстар мен авторлық пайым­дар­ды байқасақ, лирикалық маз­мұндағы шы­ғармаларында композиция мен фор­малардың ықшамдылық үй­лесімділігі ай­қын көрінеді.

1

Сонымен қатар Светлана Какот­кина көңілдің кейбір сәттерінде өлең жазады. Өлеңдер жинағына иллюстрациялар жасау суретшіні Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер му­зейін­де дебюттік жеке көрмесін өт­кізуге рухтандырған. Суретшінің көңіл тере­зесінен өмірдің жарқын бояулары көрініп, сұлулық, тазалықтың жұпар лебі еседі.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Суретшінің көңіл терезесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар