Аймақтар
1 мин оқу 494
Атырауда тұрғын үй жанында «КамАЗ» өртенді
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында тұрғын үй жанында «КамАЗ» өртеніп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 12 қаңтарда сағат 10:19-да «Нұрсая» шағын ауданында болған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің «КамАЗ» маркалы қоқыс таситын автокөлігі жанып жатты. Өрт сағат 10:38-де оқшауланып, сағат 10:48-де толық сөндірілді. Жалынды сөндіруге жеке құрамның 7 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өңірде былтыр 91, биылғы жылдың басынан бері 3 көлік өртеніп кеткен.
Бөлісу: