Аймақтар
1 мин оқу 200

Атырауда мұз үстінде жүрген жүргізушілер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера инспекторлары Жайық өзенінің үстіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуын да қадағалайды. Мақсат &ndash; Жайық өзенінің үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғаның алдын алу, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда мұз үстінде жүрген жүргізушілер ұсталды

«Жыл басынан бері Жайық өзеніндегі мұз үстімен автокөлікті жүргізген 4 жүргізуші анықталды. Сондай жүргізушінің бірі 10 қаңтарда сағат 15:40 шамасында Жұмыскер елді мекеніндегі көпірдің тұсында ұсталды. 36 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы автокөлігімен мұз үстімен жүрген», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция қызметкерлері 4 жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бұзу туралы Кодексінің 620-бабымен (жол жүрісіне  қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді.

Бөлісу:
Атырауда мұз үстінде жүрген жүргізушілер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар