Қоғам
1 мин оқу 141

Жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

<p style="text-align: justify;">Жеке кәсіпкерлікті&nbsp; www.egov.kz порталы, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank&nbsp; банк қосымшалары арқылы ашуға болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобилді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен  үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.  Осыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған.

Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырмаларды басу арқылы жіберуге болады. Ол «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, жеке кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек.

Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.

Бөлісу: