Спорт
1 мин оқу 130

Александр Бублик жарақат алып, бас жүлде қарсыласына бұйырды

<p style="text-align: justify;">АТР рейтингте 49 орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің финалына жолдама алған еді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Александр Бублик жарақат алып, бас жүлде қарсыласына бұйырды

Жартылай финалдық сайыста жерлесіміз әлемнің 72 ракеткасы 33 жастағы Францияның өкілі Жереми Шардимен күш сынасты. 2 сағат 5 минутқа созылған бұл бәсекеде Александрдың асығы алшысынан түсті. Есеп – 6:4, 6:7, 6:3. Оның алдында ол үш бірдей италиялық теннисші – Сальваторе Карузо, Тристана Ламазина және Маттео Берреттиниден басым түскен еді.

Ақтық сында Бублик АТР рейтингінде 23 орында тұрған аустралиялық Алекс де Минаурмен шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, алдағы ойында алған жарақаты сыр беріп, жерлесіміз кездесуді жалғастыра алмады. Жеті минуттан кейін ол корттан кетті. Осылайша, бас жүлде жасыл құрлықтың өкіліне бұйырды.

Бөлісу:
Александр Бублик жарақат алып, бас жүлде қарсыласына бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар