Оқиға
1 мин оқу 1,051

Әлия Молдағұлова атындағы әуежай

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ақтөбе&raquo; халықаралық әуежайына Шығыстың шынары, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілді.</p>

Әлия Молдағұлова атындағы әуежай

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоға­мына Әлия Молда­ғұлованың есімін беру туралы қаулыға Премьер-Министр Асқар Ма­мин қол қойды. Қаулы «Қа­зақстан Республикасының аум­ағындағы әуежайларға, порт­тарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемле­кет меншігіндегі басқа да объек­тілерге атау беру, сон­дай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес шығарылды. «Бірнеше ай бұрын Үкіметке ұсыныс жіберілген болатын. Ұсы­нысымыз қолдау тапты. Енді Әлия Молдағұлова атындағы әуежай жазбасы ілінеді. Бұл жұмыс бір ай ішінде ат­қа­ры­лады», деді әуежай дирек­то­рының орынбасары Ілияс Нұғманов.

Ақтөбе әуежайынан кү­ніне 8 рейс ұшады. Алма­ты, Нұр-Сұлтан, Атырау мен Маңғыстау бағыты бо­йынша ішкі рейс, айына бір рет Мысырға рейс қарас­ты­рылған. Айта кетейік, Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед пен Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Қазір туған ауылында Әлия­ның тұрған үйінің орны мен ескерткіші һәм музейі бар.

Бөлісу:
Әлия Молдағұлова атындағы әуежай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар