Аймақтар
1 мин оқу 560

Аққыздың аппақ мүсіні

<p style="text-align: justify;">Арқаға аты мәшһүр дәулескер күйшінің бірі &ndash; Аққыз Ахметқызы. Бұл кісі атақты Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырып, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов сынды өнер саңлақтарынан тәлім-тәрбие алған. Аққыз өз жанынан &laquo;Қайран елім&raquo;, &laquo;Аққыз&raquo;, &laquo;Жетім қыз&raquo; және &laquo;Қосбасар&raquo; атты күйлер де шығарған екен.</p>

Аққыздың аппақ мүсіні

Бүгін Бал­қаш қалалық тарихи-өл­кетану музейінде күйші Ақ­қыз­дың гипстен со­ғыл­ған мү­сі­ні сақтаулы тұр. «Күйші мү­сі­ні­нің авторы – Ақтоғай  өңірінің су­ретшісі Жомарт Иб­ра­ев. Ал жә­­ді­герді мұра­жайға 2008 жылы Әб­­ді­­­рахманова деген әйел кісі тап­сыр­ған деген дерек бар», дейді му­зей­дің бас қор сақтаушысы Асыл Ихашова.

Күйші Аққыздың мү­сінін жасауға  су­ретшінің дос­тары Қажыкен Күл­­тей­байұлы мен Шәкизат Мол­дашева себепкер болған екен. Жо­март Ибраев достарының өтіні­шін қабыл алып,  мүсінді 1989-1990 жылдар ара­лығында жасап шығарған.

Күйші бюсті дайын болғаннан кейін, автор белгілі себептермен Алматыға қоныс аударған да, туыс­тары мүсіннен көз жазып қалған. Арада біраз жылдар өткеннен кейін ғана бюст табылып, музей төрінен орын алды.

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Бөлісу:
Аққыздың аппақ мүсіні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар