Парламент
1 мин оқу 740

Мәулен Әшімбаев сайлауға қатысты пікір білдірді

<p style="text-align: justify;">Сенаттың 2021 жылғы алғашқы отырысын аша келіп Мәулен Әшімбаев Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Сайлаудың қорытындылары жарияланды. Халқымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Сайлау заң аясында және халықаралық стандартарға сай өтті. Шетелдік сарапшылар мен халықаралық байқаушылар да жоғары баға беруде. Мемлекет басшысының бірқатар саяси реформалары алғаш рет осы сайлауда іске асырылғанына куә болдық», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы тәуелсіздіктің 30 жылдығында Парламент алдында Елбасы мен ел Президенті белгілеген маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Оларды тиімді іске асыру үшін Сенат Мәжіліспен бірлесе отырып сапалы заңдар қабылдауға тиіс.

Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев сайлауға қатысты пікір білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар