Аймақтар
1 мин оқу 511

Атырау облысында ұрланған шетелдік көлік иесіне қайтарылды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданының орталығы &ndash; Құлсары қаласында &laquo;Range Rover&raquo; маркалы шетелдік көлік ұрланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында ұрланған шетелдік көлік иесіне қайтарылды

«Құлсары қаласының 32 жастағы тұрғыны үйінің ауласында тұрған автокөлігінің  жоғалғаны туралы 102 операторлық нөміріне хабарлады. Осыған байланысты жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы жоғалған көліктің бағытын анықтады. Жедел іс-шараның нәтижесінде Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Атырау облысында ұрланған шетелдік көлік иесіне қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар