Аймақтар
1 мин оқу 494

Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді

<p>Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Бүгін таңертеңгі сағат 08:59-да Мәмбетов көшесі 1 ауданында Оқушылар сарайына жақын маңда өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде сауда дүңгіршегінің өртеніп жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын сағат 09:12-де сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 11 маманы жұмылдырылды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар