Аймақтар
1 мин оқу 920

Мұз үстіндегі із

<p style="text-align: justify;">Мұз үстінде із қалдыру оңай ма? Бұл үшін кәсіби шебер&shy;лік қажет шығар. Десек те, жа&shy;қында Құрманғазы ауданының орталығында тұратын Нұралы Бектеміров мұз үстінде мәнер&shy;леп сырғанады. Теңіз жаға&shy;сында қатқан мұзда сырғанау көпшілікті тәнті етті.</p>

Мұз үстіндегі із

Оның сырғанау сәтін ағасы Әди видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Әрине Нұралы Бектеміров кәсіби спортшы емес. Қазір Абай атындағы орта мектептің 10-сыныбында оқиды. Ол тұратын ауданда спорттың дәл осы түрімен айналысуға лайықты нысан жоқ. Соған қарамастан мектеп оқушы­сының сырғанау мәнері кәсіби спортшылардың шеберлігінен кем түспейді. Оны әуесқой сырғанаушы деуге болады.

– Үш-төрт жыл бұрын мәнерлеп сырғанауға қызығушылығым оянды. Содан бері шеберлігімді шыңдап келемін. Ынталы жанға мәнерлеп сырғанау қиын емес, – дейді Нұралы Бектеміров.

Спорттың осынау бекзат түрін дамытуды ойлағандар Нұралы Бек­теміровтің талпынысына назар аудар­ғанын қалар едік. Бәлкім, оның бағы жанғалы тұрған шығар. Тегінде мұз үстінде де қазақ баласының ізі сай­рап жатуы керек емес пе?

Атырау облысы

Бөлісу:
Мұз үстіндегі із · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар