Кино
1 мин оқу 410

Танымал «Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Ресейдің еврей қауымдастықтары федерациясы қоғамдық кеңесінің басшысы Борух Горин &laquo;Ералаш&raquo; әзіл-сықақ журналының көркемдік жетекшісі Борис Грачевскийдің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Ералаш» авторы желтоқсан айының соңында Мәскеудегі №52 ауруханаға COVID-19 диагнозымен ауыр халде жатқызылды. Кейінірек ол жансақтау бөліміне ауыстырылып, 72 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Борис Грачевский – әйгілі режиссер, қаламы қарымды сценарист, сондай-ақ «Ералаш» киножурналының көркемдік жетекшісі болған. Ол «Крыша» және «Между нотами или тантриальная симфония» фильмдерінің, сонымен қатар бірнеше деректі фильмнің авторы.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Бөлісу:
Танымал «Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар