Аймақтар
1 мин оқу 243

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 4 қылмыс ашылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы төрт қылмыс ашылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/shymkentte-bir-apta-ishinde-bejnekameralar-arqyly-4-qylmys-ashyldy/">Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</a></span></p>

4-10 қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 7 513 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынды.

Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен төрт қылмыс жайты ашылды.

Олар: ұрлық – екі, бұзақылық – бір, өзінше билік ету – бір. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.

Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 813 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.

Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – тоғыз жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 31, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 31, жол ережесін бұзғандар – 609 , одан басқа да 133 жайт анықталды.

Бөлісу:
Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 4 қылмыс ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар