Елорда
1 мин оқу 170

Елордада 17 000 текше метрден астам қар шығарылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника мен 2000-ға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігіне сілтеме жасап.</p>

14 қаңтардан 15-іне қараған түні 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады.

Қалада қар жинау 24/7 режімінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.

Бөлісу:
Елордада 17 000 текше метрден астам қар шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар