Спорт
1 мин оқу 110

Сергей Ковалев допингпен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы&nbsp;Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) допингке тесттен өте алмады. Бұл туралы&nbsp;ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Ковалев кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңілген еді. Оның келесі кездесуі 30 қаңтарда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері өзбекстандық  Бектемір Bek Bully Меликузиевке (6-0, 5 КО) қарсы өтуі керек еді. Бұл кездесу бастапқыда Мәскеуде жоспарланып, кейін Америкаға ауыстырылған. Енді жекпе-жек мүлде болмайтынға ұқсайды.

«Сергей Ковалевтің тесті синтетикалық тестестерон барын көрсетті. VADA өкілдерінен хат алдым, онда мән-жай айтылған. Демек оның 30 қаңтар DAZN платформасындағы Бектемір Bek Bully Меликузиевпен жекпе-жегі өтпейтін шығар», деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде. 

Бөлісу:
Сергей Ковалев допингпен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар