Аймақтар
1 мин оқу 130

Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады, &ndash; деп хабарлайды Polisia.kz.</p>

Әйелдер екі сағат ішінде екі ұрлық жасаған. Қарасай ауданының аумағында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан екі сауда үйінен белгісіз біреулер электр тауарлары мен киімдерді ұрлаған. Алынған бейнематериалдар негізінде полиция қызметкерлері күзетшілердің көмегімен екі күдіктіні: Алматы облысының 19 және 29 жастағы тұрғындарын ұстады, олардан ұрланған мүлік тәркіледі.

– Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген күдіктілер ұрлық жасағанын толық мойындады. Ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын жауапкершілікке тартылған. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істер тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді, – деп хабарлады Қарасай АПБ бастығының орынбасары Айдос Қалжатбай.

Бөлісу:
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар