Әлем
1 мин оқу 402

Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшылары телекөпір арқылы ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Анадолы&raquo; агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов пен Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғани Түркіменстан тарапының қаржыландыруымен Ауғанстанда салынған Акина-Андхой теміржолын іске қосты.

Түрікмен БАҚ-тарының хабарлауынша, аталған нысандардың пайдалануға берілуімен екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді жүзеге асыру, олардың энергетика және байланыс салаларында өзара әрекеттесуі, заманауи халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне интеграциялану мүмкіндіктері кеңейеді.

Бөлісу:
Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар