Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Айгүл Сайфоллақызы Құспан ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a>Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналына сілтеме жасап. </p>
"Дипломатиялық қызмет жылдарында ол үнемі жоғары кәсібилігімен, өзінің бастамашылдығымен, қиын да күрделі мәселелерді шеше білуімен отандық және шетелдік дипломаттар тарапынан үлкен абырой мен құрметке ие болды.
А.Құспан парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ сыртқы саясаттағы түрлі шешімдердің оңынан болуына, шетелдік Парламенттермен өзара сенімге құрылған байланыс орнатуға өз үлесін қосады деген сенімдеміз", - делінген хабарламада.