Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Оңтүстікте екпеден бас тартқандар саны артып келеді

12 12- vakcinaОңтүстік Қазақстан облысында жылдан-жылға екпеден бас тартушылар қатары ұлғайып келеді. Өткен жылы иммундауға қарсы шыққандар саны 100-ге жуықтаса, биыл жыл басынан түрлі дерттерге қарсы екпе салдырудан 300-ден аса ата-ана бас тартқан. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Дәрігерлер бұл жайға қатты алаңдап отыр. Басылымда жарияланғандай, екпеден бас тартқандардың 78 пайызы діни көзқараста болса, 22 пайызына бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдар әсер еткен.

Сала мамандары вакцина уақтылы алынбаса, түрлі дерттер дендеп кетуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан оның алдын алудың маңызы зор. Бұл орайда, мамандар дәйектерге жүгініп отыр.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Otyrar.kz

Бөлісу:
Оңтүстікте екпеден бас тартқандар саны артып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар