Әлем
1 мин оқу 770

Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты

<p style="text-align: justify;">Мәскеуге коронавирустан қорғауға арналған 10 миллионға жуық қолданылған медициналық қолғапты жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Бұл туралы мәскеулік прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, шетелдік компания мен Жаңа Мәскеудегі коммерциялық ұйым арасында келісімшарт жасалған.

Оған сәйкес компания Ресейде сату үшін бір реттік винилді қолғаптарды жеткізуі тиіс болған. Прокуратура мәлімдемесінде кедендік декларациялар негізінде 9,9 миллионнан астам бір рет қолданылатын қолғап жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ, өнімдер мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні анықталды, қолғаптар бұрын қолданылған болып шықты.

Прокурорлық тексеру материалдары тергеу органдарына жіберілді. РФ ҚК 30-бабының 3-тармағы, 236-бабының 1- тармағы (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тергеу нәтижелерін бақылауға алды.

Бөлісу:
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар