Аймақтар
1 мин оқу 271

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында &laquo;Алан&raquo; базары жанып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Төтенше жадайлар министрлігіне сілтеме жасап.</p>

«16 қаңтар күні сағат 05.48-де (Ақтөбе уақыты бойынша) Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданы, 16 А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бір қабатты «Алан» жабық базарының алдын ала болжаммен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Өрт сағат 10.25-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында базар жанып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар