«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
<p style="text-align: justify;">«Хабар» телеарнасында қа­зақстандық шоу-биз­нес және спорт саласы жұл­дыз­дарының қатысуымен «Дала battle» реалити-жоба­сы­ның тұсаукесері өтті. Атал­ған те­левизиялық шоудың он ке­зеңінде нағыз шабандоздар қиын тапсырмаларды орындап, қауіпті сынақтардан өтіп, ұлттық һәм халықаралық спорт түрлерінен күш сынасады.</p>

«Дала battle» – бұл түрлі эмоциялар мен тосын әрекеттерге толы жоба. Біз Қазақстанда бірінші рет спорт пен өнерсүйер қауымын біріктіретін реалити-шоу ұйымдастырдық», деді жоба авторы әрі продюсері Мейіржан Әлібек.
Айта кетейік, мұнда телевизиялық шоу ғана емес, экстремалды турнир түрлері де қарастырылған. Онда команда өкілдері физикалық дайындығын көрсетіп, күштің барлық қатал сынақтарынан өтеді. Мәселен, кроссфит, таулы аймақта аман қалу, әскери дайындық, ат спорты, т.б. Жобаға барлығы 5 команда қатысуда. Ойын ережесі бойынша бағдарламаның әр екі бөлімінен кейін бір команда реалити-шоудан шығып отырады.
Бағдарламаға кино, спорт және өнер жұлдыздары қатысуда. Олардың ішінде Арман Оспанов, Асылхан Төлепов, Дәурен Серғазин, Арман Әшім, Ақболат Өтебай, Асу Алмабаев, Ақжүрек Таңатаров, Тәуекел Мүсілім, Айдар Шәрібаев, Арман Қоңыр бар.