Футбол
1 мин оқу 300

«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды

<p style="text-align: justify;">Сенбі күні футзалдан УЕФА Чем&shy;пион&shy;дар лигасының 1/16 фина&shy;лындағы бірқатар матч өтті. Айтулы додада бақ сынап жатқан Қазақ&shy;стан&shy;ның екі бірдей командасы өз ойындарын қонақта өткізіп, қарсылас&shy;тарынан басым түсті.</p>

«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды

Мәселен, Беларусьтің Могилев қаласында жергілікті «ВитЭн» клубымен ойнаған Ал­матының «Қайраты» 5:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Матчтың бірінші кезеңінде жер­лес­теріміз қарсылас команда қақпасына жауап­сыз үш гол соқты. Ойынның небары 11-секундында Савио есепті ашса, Ум­берто (16-минут) мен Диего (18-минут) өз есім­дерін таблоға жаздыртты. Ал екінші тайм­да Бір­жан Оразов (34-минут) пен Дуглас Коста (36-минут) бір-бір гол соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.

Сонымен қатар «Ақтөбе» командасы да сырт алаңда Грекияның АЕК клубынан 5:2 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде «Ақтөбе» ұжымынан Бекжан Дәулетов (16-минут), Оливейра (21), Дмитрий Клочко (27), Асхат Көлбаев (32) және Нұрбек Қара­ғұлов (36) мергендігімен көзге түсті. Енді жерлестеріміздің келесі қарсыласы 20 қаң­тарда өтетін жеребе тарту рәсімінде белгілі болады. Ал 1/8 финалдың ойындары 16-21 ақпан аралығына жоспарланған. Келесі кезеңнің бәсекелері де бір ойыннан тұрады.

Бөлісу:
«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар