Бокс
1 мин оқу 112

Бұрымдылар бес алтын олжалады

<p style="text-align: justify;">Сербияда қыздар арасында бокстан халықаралық &laquo;Ұлттар кубогы&raquo; жарысы өз мәресіне жетті. Байрақты бә&shy;се&shy;ке&shy;де жер&shy;лестеріміз үздіктер қата&shy;ры&shy;нан кө&shy;рініп, жалпы саны 8 жүлде жеңіп алды.</p>

Бұрымдылар бес алтын олжалады

Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралған Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері Сербиядағы турнирде тәуір нәтиже көрсетіп, жанкүйерлердің көңілінен шыға білді. Себебі жарысқа барған 9 боксшының 8-і жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Арайлым Марат (48 кг), Дина Жо­ламан (54 кг), Владислава Кухта (57 кг), Римма Волосенко (60 кг) мен Ләззат Күн­гейбаева (+81 кг) еш қиындықсыз финал­ға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте де аянып қалған жоқ. Нәтижесінде, бес боксшымыз да алтыннан алқа тақты. Ал финалға шыққан тағы бір жерлесіміз Гүлсая Ержан (+81 кг) бас жүлде үшін өткен бәсекеде қарсыласына жол беріп, күміспен күптелді. Сонымен қатар Валентина Хальзова (69 кг) мен Марина Вольнова (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Бөлісу:
Бұрымдылар бес алтын олжалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар