Спорт
1 мин оқу 152

Оберхофтағы сәтсіздік

<p style="text-align: justify;">Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогының алтыншы кезеңінің кезекті жарыс күні қыз&shy;дар арасындағы эстафетамен аяқ&shy;талды.</p>

Оберхофтағы сәтсіздік

Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары жарысты бастағанымен мәреге жете алмады. Өйткені көшбасшы құрамалардың уақыт көрсеткішінен әлдеқайда артта қалып қойған болатын. Қазақстанмен қатар Жа­пония, Оңтүстік Корея және Словения құра­­малары да жарысты аяқтаған жоқ. Эста­­фетада Қазақстан атынан Елизавета Бель­­ченко, Людмила Ахатова және Анас­тасия Кондратьева қатысты. Ал Галина Вишнев­ская команданың айып уақыты көп болған­дықтан, жарыс жолына шыққан жоқ.

Қыздар арасындағы эстафетада Германия спортшылары топ жарды. Екінші орынға Беларусь құрамасы жайғасса, үздік үштікті швециялықтар түйіндеді.

Бөлісу:
Оберхофтағы сәтсіздік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар