Аймақтар
1 мин оқу 240

Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 58 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 1 179 объект мониторингпен қамтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

777 тағам объектілері, 345 коммуналдық нысандар, 57 балалар мен жасөспірімдерге арналған объектілер бар. Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде. Мониторинг топпен анықталған кемшіліктер үшін 58 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 019 720 теңгеге айыппұл салынды. 

18 қоғамдық тамақтану орындары, 1 түнгі, 1 лотереялық, 3 компьютерлік және 4 бильярд клубтары, 1 кинотеатр, 8 мейрамхана, 1 бургер орталығы, 9 азық-түлік дүкендері, 3 лоундж-барлар, 2 қораз төбелестіретін орын, 2 жанармай құю бекеті, 2 сауда нүктелері, 1 қонақ үй кешені, 1 монша, 1 балабақша бар.

Бөлісу:
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар