Спорт
1 мин оқу 372

Бокстан ел біріншілігі басталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінің спорт кешенінде бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жалауы желбіреді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бокстан ел біріншілігі басталды

Республикамыздың әр өңірінен жиналған дарынды жастар бірнеше күн бойы жұдырықтасып, 46 кило, 49 кило, 52 кило, 56 кило, 60 кило, 64 кило, 69 кило, 75 кило, 81 кило, 91 кило және +91 кило салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салады. Бұл жарысты Қазақстан бокс федерациясы, Алматы қалалық спорт басқарамасы және қалалық бокс федерациясы ұйымдастырып отыр.

Алматыдағы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша биылғы жылы өтетін халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайтын жастар іріктелініп алынады. Сол жарыстардың арасындағы ең ірісі – 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельц қаласында өтетін әлем біріншілігі. 

Бөлісу:
Бокстан ел біріншілігі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар