Тағайындау
1 мин оқу 1,286

Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ

<p style="text-align: justify;">Мұхтар Тілеуберді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;Egemen.kz.Бұл туралы &laquo;Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы&raquo; жарлығында айтылған.&nbsp;</p>

 

Мұхтар Тілеуберді бұған дейін сыртқы істер министрі болған. Енді ол екі қызметті қатар атқаратын болды. 

Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда Түркістан облысы, Ақсукент ауылында туған.

1990-1993 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.

1993–1996 жылдары атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;

1996–1999 жылдары Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;

1999–2000 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы;

2000–2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;

2001–2003 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі елшілігінің кеңесшісі;

2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған;

2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;

2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін - Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар